Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Ақтөбеде «Мен ақтөбелікпін!» жобасы жүзеге асырылатын болады

1151
Фото: АқтөбеNews.

Ұйымдастырушылар осы жоба аясында еліміздің басқа өңірлерінде жоғары білім алған ақтөбелік студенттерді жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова айтты.

Басқарма басшысының айтуынша сәуірде Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында «Ақтөбе жастарының күні» өтеді.

«Осы ірі шара барысында Батыс Қазақстан облысының жоғарғы оқу орындарында оқитын ақтөбелік студенттермен кездесулер өткізілетін болады. 713 студенттің 160-ы 45 мамандық бойынша биылғы жылы оқуды аяқтайды. Біз оларға «Актеп», «Greenhouse» ЖШС сияқты өңірдің ірі кәсіпорындарында жұмыс істеуді ұсынуға дайынбыз», - деп өз жоспарларымен бөлісті Бұлбұл Елеусінова.

Қазіргі таңда өңірге ауылшаруашылық саласының 57 маманына қажеттілік байқалады.

Одан басқа, оқу бітірушілерге «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының артықшылықтары туралы айтылатын болады.

4825 ақтөбелік жастар еліміздің басқа өңірлерінде жоғары білім алуда. Олардың ішінде 2418-і Алматыда, 1611-і астаналық жоғарғы оқу орындарында, қалғандары Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы ЖОО-да оқиды.

Дереккөз: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оценить материал
0