Наверх

Погода в Астане:03 июня, день: +16° 4 м/с03 июня, вечер: +14° 3 м/с04 июня, ночь: +10° 3 м/с04 июня, утро: +11° 6 м/с

Қызылордада облыстық ассамблея жастарымен кездесу өткізілді

855
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Достық үйінде облыстық ассамблея жанындағы Жастар қанатының ұйымдастыруымен еркін форматтағы жастардың кездесуі өтті. Оған Жастар қанатының мүшелері, қаладағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Кездесудің мақсаты түрлі этнос жастарын біріктіре отырып белсенді орта құру, Республикалық Жаңғыру жолы қозғалысының Қызылорда облысындағы штабының құрамын толықтыру, жастарды белсенділікке шақыру. Рухани жаңғыру, жастардың санасындағы керітартушылық стереотипті жою.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылатын қоғамдық-мәдени және қайырымдылық шараларына белсене қатысу.

Кездесу барысында Жастар қанатының мүшесі, Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен Халықаралық жас ғалымдар байқауында 1 орынды иеленген Е.Демиденко қатысушыларды мақсатқа жету және оның жолдары тақырыбында, IT технология жайында және белсенділік қабілетті арттыру жолдары туралы баяндама жасады. Ал, Славяне этномәдени бірлестігінің мүшесі, Жастар қанатының белсендісі В.Фролова облыстық ассамблея жанындағы Жастар қанаты құрылымының қызметі туралы, Э.Першин мәдениет және өнер тақырыбында келелі ой қозғады. Шарада баяндама жасаған спикерлерге сұрақтар қойылып, соңы пікір алмасумен аяқталды.        

Оценить материал
0