Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

Биыл Ақтөбе тұрғындарына үй салуға 14 мыңнан астам жер учаскесі беріледі

965
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Жер ресурстарын тиімді және ұқыпты пайдалану мәселесі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Ең алдымен, жеке тұрғын үй құрылысына жер берумен қатысты ағымдағы жағдай талқыланды, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылдан бастап облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына 25,5 мыңдай жер учаскесі берілді. Алайда кезектегілер саны азаяр емес деп атап көрсетті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай.

2017 жылдың желтоқсан айында үй құрылысы үшін он сотық жерге өтініштер саны 150 мыңды құраса, бүгінгі күні ол 161 мыңға жетті.

Кезектегілердің ең көп саны Ақтөбеде – 128 мың, одан кейін Алға ауданында 14 мыңдай, Мәртөкте 5 мың шамасы, Мұғалжар және Хромтау аудандарында – 4 мыңнан. Ойыл және Қобда аудандарында ғана кезек белгіленбеген.

Биылғы жылы 14,2 мыңнан астам жер учаскесін беру жоспарланып отыр.

Облыс әкімі бос жерлерді инженерлік коммуникациямен қамтамасыз ету үшін барлық резервтерді пайдалануды тапсырды, бұл ақтөбеліктерді белгілі мөлшерде учаскемен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірнеше жыл бойы жерді пайдаланбағандардан және мақсатты тағайындалуы бойынша іске қоспағандардан, яғни үй салмағандардан учаскелерін қайтарып алу бойынша жұмыстарды жандандыру тапсырылды. Бұл учаскелер келесі кезекте тұрғандарға берілетін болады.

Оценить материал
0