Наверх

Погода в Астане: 06 июня, ночь: +24° 3 м/с06 июня, утро: +28° 4 м/с06 июня, день: +36° 4 м/с06 июня, вечер: +22° 4 м/с

Қарағандыда бес субұрқақ жөнделеді

2158
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Қарағандыда қыс айларында жабылған субұрқақтардағы қорғау қорапшаларын шешу жұмыстары басталды. Бұдан кейін бүріккіштер, қозғалтқыштар және жарық орнатыла бастайды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты. 

Барлығы саябақтар мен гүл бақтары басқармасының қарауында 28 су бұрқақ бар. Олардың 18-і қала орталығында, 7-і Оңтүстік-Шығыста және 3-і Октябрь ауданында орналасқан. 

Биылғы жылы біз бес субұрқақтар  жөнделеді. Майқұдықтағы Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябақта, Бейбітшілік гүлзарындағы саябақта, қалалық әкімдік алдындағы,Оңтүстік-Шығыстағы жаңа мешіттің алаңындағы және жеңіс саябағындағы. Қажет болған жағдайларда қасбеті ауыстырылып, сантехникалық құбырлары жаңартылады.  

«Шалқыма» концерт залының маңындағы субұрқақ биылғы жылы көп уақыттан соң алғаш рет іске қосылады. 

Барлығы биылғы жылы субұрқақтарды жөндеуге шамамен 89 миллион теңге жұмсалмақ. 

Субұрқақтарды бірінші мамырда қосады. Жетінші мамырда жоспар бойынша Жеңіс саябағындағы субұрқақ іске қосылуы тиіс. Тоғызыншы мамырдан соң – Оңтүстік-Шығыстағы субұрқақтар, ал 10-шы мамырдан бастап Октябрь ауданындағы субұрқақтар іске қосылады.

Оценить материал
0