Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Астанада «Біз ғаламның балалары» атты халықаралық көрме-конкурс өтеді

1227
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

2018  жылы 11 сәуір күні сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғарыш күніне арналған «Біз – ғаламның балалары» атты халықаралық көрме – конкурс өтеді, деп хабарлайды Объектив.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрме-конкурсқа Еуразия ұлттық университеті мен Ресей жоғары оқу орындары студенттері және магистранттарының  100-ден аса еңбектері қойылады. Конкурстық байқау «Графика», «Бейнелеу» және «Декоративті іргелі шығармашылық» номинациялары бойынша үш бағытта жүргізіледі.

Салтанатты шараға қазақтың мақтаныш – ғарышкерлері, «Халық қаһарманы» Тоқтар Әубәкіров пен  Айдын Айымбетов қатысады деп жоспарланған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы күштері ӘҚК Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының Бас директоры Үмітхан Мұналбаева, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, PhD философия докторы Андрей Хазбулатов, Сәулет кандидаты, Ресей ландшафтық Сәулетшілер ассоциациясының мүшесі Нина Лекарева (Самара қаласы, Ресей), танымал орыс суретшісі-дизайнер Ерғали Даутов (Мәскеу, Ресей), «КазНИИСА» АҚ Бас директорының кеңесшісі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, ҚР Құрметті сәулетшісі, Халықаралық Сәулет Академиясының профессоры Салауат Дембай, «Астана-Жарнама» сәулет-дизайнерлік компаниясының директоры, ҚР Құрметті сәулетшісі, ҚР Сәулетшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Дизайнерлер Одағының мүшесі, «Бәйтерек» авторларының бірі Айтуар Оспанов, ҚР Құрметті сәулетшісі, ҚР Сәулетшілер Одағының вице-президенті Николай Юрашевич және т.б. шақырылып отыр.

Дәл осы күні Халықаралық көрме аясында қос ғарышкер Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетовтың студент-жастармен кездесуі жоспарланып отыр.

Оценить материал
0