Наверх

Погода в Астане:30 октября, вечер: +2° 4 м/с31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с

Павлодарда «ТОМ: Kazakhstan» мейкатон іс-шарасы өтті

1033
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Павлодарда «ТОМ: Kazakhstan» мейкатон іс-шарасы аяқталды, іс-шара барысында әр түрлі елден жиналған 10 команда мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған құрылғылар жасап шығарды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Мейкатонға 50 адам қатысты, олардың құрамына студенттер, оқытушылар, медицина қызметкерлері, инженерлер, робот техникасы, ІТ және өзге салалардың мамандары енді. Ерекше қажеттілікті талап ететін адамдардың өмірін жеңілдетуге арналған құрылғыларды 10 қатысушы команда 72 сағаттың ішінде құрастырып шығарды.
Жобалардың тұсаукесері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өтті. Кездесуге Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та қатысты.

Ұсынылған 10 өнертабыстың арасында «Ақылды қолғап» та болды. Оның көмегімен сурдо-ақпаратты дауыстап жеткізе алады, ол арқылы есту қабілеті нашар адамның не айтқысы келгенін түсінуге болады. Өнертапқыштар «ақылды қолғапты» кереңдер қоғамында жұмыс істейтін 36 жастағы Дмитрий Вилюновқа арнайы жасаған. Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма хабарлағандай, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арнайы жасалған осы және өзге де құрылғыларды сыйға тартпақ.

Оценить материал
0