Наверх

Погода в Астане:30 октября, вечер: +2° 4 м/с31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с

Оралда 14 сәуірден сенбіліктер басталады

1253
Фото: zhaikpress.kz.

14 сәуір мен 1 маусым аралығында Орал қаласында санитарлық-экологиялық акциясы басталады. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте қала әкімі Мұрат Мұқаев мәлімдеді.

- Биыл қыс айлары ұзаққа созылып кетті. Наурыз айында қардың қалың түсуіне, жердің тоңы түспеуіне байланысты коммунальдық мекеме  қызметкерлеріне күндіз-түні бел жазбай,  еңбек етуге тура келді. Осындай үлкен жұмыстың нәтижесінде бірде-бір үйге су кірген жоқ.

Сол үшін барлық коммуналды қызметкерлер  мен қала тұрғындарына ризашылығымды білдіремін. Жыл сайынғы дәстүрге сай 14 сәуірде  жалпықалалық сенбілік басталады, - деген шаһар басшысы «Қаланың тазалығы-сенің қолыңда!» атты ұранмен өтетін сенбілікке қала тұрғындарын белсенді қатысуға шақырды.

Сенбілік барысында қыстан шыққан күл-қоқыстарды жинау,  ағаш-көшеттерді қиып, түптерін ақтау, абаттандыру, көгалдандыру, өзге де   жұмыстар жүргізілмек.

Дереккөз: Жайық Пресс.

Оценить материал
0