Наверх

Погода в Астане: 24 июня, ночь: +12° 4 м/с24 июня, утро: +13° 4 м/с24 июня, день: +17° 5 м/с24 июня, вечер: +15° 4 м/с

ШҚО-да «Қазақстанның діни ағымдары» мобильді қосымшасы іске қосылды

1271
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың цифрландыру бастамасына орай Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Қазақстанның діни ағымдары» деп аталтын мобильді қосымша пайда болды. Бұл туралы облыстық аймақтық коммуникациялар қызметі хабарлап отыр.

Жаңадан дайындалған мобильді қосымша ел азаматтарына Қазақстандағы діни ағымдар жайында мол мағлұмат беретінімен ерекшеленеді. Қосымшаны кез келген адам Play Market және Appstore жүйелерінен смартфондарына жүктей алады.

Аталмыш мобильді қосымша адамдарды экстримистік бағыттағы діни ұйымдардың үгіт-насихатынан қорғайтын жүйе болып табылады. Басқарма мамандары заманауи технологиялардың көмегімен ел азаматтарын жат діннің жетегіне кетпеуін қамтамасыз ететінін алға тартуда.

Дереккөз: Altaynews.kz.

Оценить материал
0