Наверх

Погода в Астане:30 октября, вечер: +2° 4 м/с31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с

Қызылордада «Мағжан мұрасы мәңгілік» атты поэзия кеші өткізілді

1812
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оқырмандар арасында поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру және патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті жазушы, ақын, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі  М.Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мағжан мұрасы мәңгілік» атты поэзия кеші өтті. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайты хабарлады.

ТҮРІКСОЙ туының астында 2018 жыл «Мағжан Жұмабаев жылы» болып жарияланды. Мағжан өз тегін, өз жерін мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға ұмтылған, өлең сөздің асыл маржанын төгілткен, сұлу жырымен оқырманын егілткен. Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығында мұңлы толғаныс, өкіну, қайғы – қасірет, күйініш те бар.

Кешке Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Рухани қазына» бөлімінің басшысы Қосанов Серікбай Қылышбайұлы сөз сөйлеп,  «Жауқазын – Ғұмыр» шығармашылық клубының мүшелері Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін оқыды.

Кешке жиналған қонақтар «Сәулесі мәңгі сөнбес жұлдыз» атты кітап көрмесімен танысты. 

Оценить материал
0