Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Қызылордада тұңғыш рет азаматтық бастамашылар конгресі өткізілді

1104
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Конгресс мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда күш біріктіруге және олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

Конгресс жұмысына мемлекеттік орган басшылары, облыс әкім жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, арнайы мониторингтік топ мүшелері, маслихат депуттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конгресс жұмысын департамент басшысы А. Мұхимов ашып, ол конгрестің мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда азаматтық қоғамды шоғырландыру маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Конгресс жұмысына «Нұр отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы Төрағасының орынбасары И. Құттықожаев қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда партияның атқаратын қызметі туралы сөз сөйледі. Конгресте облыстық кәсіподақ орталығының бас маманы М.Боранбаева, облыс әкім жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Б.Нұрқожаев, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту қоры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж. Тұсмағамбетов және «Әділетті қоғам» бірлестігінің төрағасы А. Сабырханов жемқорлыққа қарсы тұруда азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі жайында баяндамалар жасады.

Конгресте жемқорлыққа қарсы тұрудың шаралары талқыланып, алда тұрған мақсаттар мен міндеттер нақтыланды. «Туған жер», «Асыл мұра - орда» және «Самұрық» қоғамдық бірлестіктерімен Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдарға қол қойылды.   

Оценить материал
0