Наверх

Погода в Астане:31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с

Ақтөбелік оқушылар үшін Есет батыр кешеніне жыл бойы экскурсия жасалады

1591
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Ақтөбелік оқушылар үшін «Есет батыр Көкіұлы» мемориалдық кешеніне жыл бойы экскурсиялар ұйымдастырылмақ.

Өскелең ұрпақ «Бақытты бала» акциясы аясында батырдың ерлік істерімен тереңірек таныса алады. Әбілқайыр ханның тұсында ел қорғаған Есет Көкіұлының кесенесі Алға ауданы Бестамақ ауылының маңында орналасқан. Бұл кешен «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен «Қасиетті Қазақстан» картасына енді. Жалпы Ақтөбе өңірі - тарихи ескерткіштерге бай өлке. Өңірде 1600 түрлі ескерткіш тіркелсе, оның  600-ден астамы мемлекеттік қорғауға алынған. 

Өз заманында ханнан кейінгі тұлға болған Есет батыр туралы түрлі аңыз-әңгіме көп. Бір деректе батыр 82 жасында туған жерінде өз ажалынан қайтыс болған десе, екінші деректе оның адам қолынан қаза тапқаны айтылады.

Ер Есеттің ескерткіші өткен жылы Бестамақ ауылы маңындағы күре жолдың бойына қойылды. Биіктігі 12 метрге жуықтайтын еңселі тасты тұрғызуға жергілікті кәсіпкер 32 млн теңге қаржы бөлді. Батырдың 350 жылдығына орай Бестамақ ауылында 20 жылдан бері жабық тұрған мәдениет үйі қайта ашылды. Ауыл кәсіпкері қаржы бөліп, ескі ғимаратты жаңартып берді.

Дереккөз: Хабар 24.

Оценить материал
0