Наверх

Погода в Астане: 30 марта, день: +2° 6 м/с30 марта, вечер: -3° 4 м/с31 марта, ночь: -5° 4 м/с31 марта, утро: -4° 5 м/с

9 сәуірде «Шаттық» балалар мен жастар өнері байқауы өтеді

2414
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

«Шаттық» байқауы өзінің 12 жылдық тарихында балалар мен жастар өнерінің қалалық ірі мерекесіне айналды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

9 сәуір күні балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін «Шаттық-2018» қалалық шығармашылық байқауының 12-ші ашылуы өтеді. Шара М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Астана қаласының 20 жылдығын атап өту аясында өтеді. Байқау 9-25 сәуір аралығында 15 аталым «Аспапты соло», «Аспапты ансамбль – классика», «Халық аспаптары», «Хормен ән айту», «Эстрадалық ән айту», «Вокалдық ансамбль», «Халық әні», «Халық биі», «Қазіргі заманғы би», «Поэзия», «Театр», «Фотосурет», «Бейнелеу өнері», «Өзіндік жанр» және «Киім дизайны» бойынша өтеді.

Байқауға Астананың 116 білім беру ұйымынан 6000  өнерпаздар қатысады. 

Байқау дипломанттарын марапаттау 20 сәуір күні өтеді. 23 сәуір күні «қола», ал 25 сәуір күні «күміс» жүлде алғандарды Оқушылар сарайының сахнасында марапаттайды.

18 мамыр күні Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана құшағында» тақырыбымен «Шаттық-2018» конкурсының гала-концерті өтеді.

Оценить материал
0