Наверх

Погода в Астане:31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с

«Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаштан бастау алды

1950
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысында жарияланған «Зорлық- зомбылықсыз Оңтүстік» акциясы Сарыағаш ауданында бастау алды. Мақсаты оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылық нені білдіретінін түсіндіріп, отбасындағы бала тәрбиесі туралы кеңінен насихаттау, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімінің бастамасымен жарияланған «Зорлық- зомбылықсыз Оңтүстік» акциясына сарыағаштық 600 оқушы, ауыл ардагерлері, ата-аналар мен БАҚ өкілдері де қатысты.

Онда ауыл ақсақалдары тəрбие - тал бесіктен басталатынын айтып, елді ынтымаққа жəне баланы дұрыс тəрбиелеуге шақырды.

Сонымен қатар, əр мектеп ұжымдарының ерікті үйірме мүшелері «Зорлық- зомбылыққа жол жоқ» ұраны негізінде «Асфальтқа сурет салу», «Арқан тарту», «Асық ойыны», «Шахмат» жəне «Тоғызқұмалақ» ойыны түрлерінен өзара сайысқа түсті.

Осы күні аталған шара Қазығұрт ауданында жалғасын тапты. Онда оқушылар жаппай «Қара жорға» биімен флешмоб ұйымдастырса, ауыл балаларынан құралған «Хор» ұжымы өнер көрсетіп, «Тир ату», «Волейбол» жəне жүлделі «Қазығұрт» бишілер тобының оқушы құрамы концерт қойды.

Наурыз мерекесі қарсаңында аймақ басшысы өңір зиялыларымен кездесіп, «Зорлық-зомбылықсыз – Оңтүстік» акциясын бастауды ұсынған болатын. Онда өңір басшысы акция аясында барша аудан, қала әкімдіктеріне зорлық-зомбылықтың, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.

Оценить материал
0