Наверх

Погода в Астане: 24 марта, ночь: -7° 5 м/с24 марта, утро: -7° 7 м/с24 марта, день: -2° 8 м/с24 марта, вечер: +1° 7 м/с

Астанада "Мемлекет және Ұлт" ғылыми монографиясы таныстырылды

1628
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасына арналған ғылыми монографияның тұсаукесері болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Кітаптың авторы – философия ғылымдарының докторы, Оксфорд академиялық одағы мен Еуропалық жаратылыстану ғылымы академиясының мүшесі Нұр-Ахмет Досмұхамет. 

Оның айтуынша, монография әлеуметтік қоғамдастықтың дамуы мен отбасыдан бастап ұлтқа дейінгі мәселелерді қамтиды. 

Бүгінде монографияның 500 данасы басып шығарылған.

"Кітаптар қалалық кітапханаларға сый ретінде таратылып, ғалымдар дискуссия ұйымдастыруға міндеттеледі", - деді автор. 

Ғылыми монографияның тұсаукесеріне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Астанадағы Қазақстан халықтары ассамблеясының ғылыми-сарапшы тобы мен  қоғам қайраткерлері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері қатысты.

Оценить материал
0