Наверх

Погода в Астане:30 октября, день: +5° 4 м/с30 октября, вечер: +1° 3 м/с31 октября, ночь: -4° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с

Қарағандыда автокөлік иелеріне арналған ауылдық арнайы ХҚКО ашылды

1199
Фото: ІІД баспасөз қызметі.

Осакаров ауданы әкімшілік полициясының тіркеу-емтихан пункті ХҚКО-на айналды. Осакаров тұрғындары онда өз автокөліктерін тіркеп, жүргізуші куәліктерін ауыстыра алады, деп хабарлайды Объектив.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа жүйені пилоттық режимде сынайды. Осакаровтықтар еліміз бойынша бірінші болып оның артықшылықтарын бағалай алады. Оның мақсаты – көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылату болып табылады.

ҚР ІІМ және «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамның шешімі бойынша әкімшілік полицияның ауданаралық және аудандық тіркеу-емтихан пункттері (ТЭП) кезең-кезеңмен Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ауыстырылады. 

- Аталмыш жаңашылдық жүргізушілер куәлігін ауыстыру және көлікті тіркеу рәсімдерін анағұрлым жеңілдетеді. Оларға облыс орталығында орналасқан арнайы ХҚКО-на немесе ішкі істер органдарына барудың қажеті болмайды. Алайда жоба алғаш рет жүргізуші куәлігін беру қызметін қарастырмайды, - деп түсіндірді Қарағанды облысы бойынша ХҚКО департаментінің директоры Өркен Қауымбекова. 
Жақын арада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының

9 аймақтағы тағы 21 фронт-кеңселері осы жобаға жұмылдырылады. 

Оценить материал
0