Наверх

Погода в Астане: 24 июня, ночь: +12° 4 м/с24 июня, утро: +13° 4 м/с24 июня, день: +17° 5 м/с24 июня, вечер: +15° 4 м/с

Қарағандыда автобустарға 20-сәуірден бастап төлем терминалдары орнатылады

1236
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Арнайы көліктік пластикалық карталарға арналған төлем терминалдары қалалық автобустарда 20-шы сәуірден бастап орнатыла бастайды. Ол жайлы Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров мәлімдеді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметінен. 

Қоғамдық көліктердегі электронды төлем жүйесін енгізу осы жылдың мамырына жоспарланып отыр. Қазір Қарағандыда жобаны жүзеге асырумен айналысатын «Smart-Card» құрастырушы компанияның филиалы құрылып, жұмыс істей бастады. 

- Қарағандылық автопарктерде бар автобустардың алты моделінде барлық өлшеулер жасалды. 20-шы сәуірде терминалдар орнатылып, пластикалық карталар жасала бастайды, - деді Нұрлан Әубәкіров.

Ол сонымен қатар бірінші болып пластикалық карталарды мектеп оқушылары мен жеңілдікке ие жолаушылар: зейнеткерлер, мүгедектер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар алатынын жеткізді. 

«Smart-Card» компаниясы шығарған осы секілді карталар Астана, Алматы және Атырау қалаларындағы қоғамдық көліктерде пайдаланылады. 

Оценить материал
0