Наверх

Погода в Астане:03 июня, день: +16° 4 м/с03 июня, вечер: +14° 3 м/с04 июня, ночь: +10° 3 м/с04 июня, утро: +11° 6 м/с

Шымкенттің көркін 1 миллионнан астам қызғалдақ ашып тұр

1082
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент шаһары қызғалдақтар ордасына айналды. Бүгінгі таңда қалада 1 млн. 37 мың түп қызғалдақ жайқалып тұр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Негізінен голландиялық сортты қызғалдақтың 6 түрлі түсі егілген. Олардың қатарында сары, қызыл, көк, қызғылт, қызғылт сары және күлгін түстісі бар.

Қызғалдақтар ұлттық ою-өрнек  және геометриялық фигуралар түрінде, сондай-ақ Шым шаһардың логотипі кейпінде отырғызылған. Мамандардың айтуынша, қаладағы көркем көріністер 15-20 күн аралығында ғана сақталатындықтан, әдемі көріністерді қазіргі уақытта тамашалауға болады.

Қызғалдақтар маусымынан соң орнына жалпы 14 мың шаршы  метр аумаққа өзге түрлі гүл сорттары отырғызылады. Олар Шымкент қаласындағы саяқбақтар мен гүлзарлардың, қоғамдық орындардың ажарын аша түспек.

Оценить материал
0