Наверх

Погода в Астане:30 октября, вечер: +2° 4 м/с31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с

Астанада геологтарға құрмет көрсетілді

1241
Фото: Министрлік сайтынан.

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен геология саласы мамандарының кәсіби мерекесі – Геологтар күні құрметіне арналған салтанатты жиналыс болып өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Бұл күні өндіріс озаттары «Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушысы», «Қазақстан Республикасы жер қойнауының үздік барлаушысы», «Алғашқы ашылым жасаушы» атақтарына ие болды.

Жиналыста сөз сөйлеген Қ.Өскенбаев ел экономикасының өсуіне зор үлесін қосатын басты салалардың бірі болып табылатын геологиялық барлауды қолдауға ведомство ерекше назара аударатынын баса көрсетті.

Вице-министр «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» белгісімен Қашаған кен орнын ашқаны үшін KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалинді, «Меридиан Петролиум» ЖШС президенті Балтабек Қуандықовты, «Батыс Геофиссервис» ЖШС бас директорының орынбасары Ашырали Бижановты, «Норт Каспиан Оперейтинг Компания б.в.» компаниясының 1-ші басқарушы директорының орынбасары Жақып Марабаевты, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ президенті Кенжебек Ибрашевты, «ENI ISATAY» компаниясының менеджері Клара Раеваны, «Смартинжиниринг» ЖШС бас геофизигі Олег Турковты, «Меридиан Петролиум» ЖШС бас геофизигі Марис Назаровты марапаттады.

Сондай-ақ «Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төсбелгісіне «Центргеосъемка» ЖШС вице-президенті В.Тапаев және «Қазгеология» АҚ Кешендік геология партиясының бас геофизигі С.Беляков ие болды. Жер қойнауын барлаудың үздігі атағын «Қазгеология» АҚ Геология департаментінің 1-ші санаттағы геологы Әсет Бекетов иеленді.

«Еңбек ардагері» медалімен «Қазгеология» АҚ геофизикалық зерттеу департаментінің 1-ші санаттағы геофизигі Барлыбай Смагұлов және «Қазгеоақпарат» орталығының жоғарғы санаттағы инженері Бибисара Бегленова марапатталды.

Сонымен бірге геология саласына қосқан үлесі үшін КР Инвестициялар және даму министрі атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталғандардың қатарында ҚР Ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукеев, «Жас геолог» қорының директоры Жанат Исмаилова, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің  бас сарапшысы Шолпан Ағыбаева және басқа да азаматтар бар.

Оценить материал
0