Наверх

Погода в Астане: 06 марта, ночь: -2° 9 м/с06 марта, утро: -4° 6 м/с06 марта, день: -5° 6 м/с06 марта, вечер: -9° 4 м/с

Павлодарда дінтанушыларының форумы өткізілді

1142
Фото: muftyat.kz.

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, облыстық «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің тарих және Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасымен бірлесіп «Зайырлы мемлекет және жоғары руханият-бірыңғай болашақ ұлтының платформасы» тақырыбына облыс дінтанушыларының II форумын ұйымдастырды. Форумға облыстағы мектептердің дінтанушы мұғалімдері  қатысты.

- Форумның негізгі мақсаты  тұрғындардың құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, зайырлы мемлекеттің мәні мен ерекшелігін және оның іргелі қағидаттарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамның дамуындағы және  гүлденуіндегі рухани құндылықтардың рөлін түсіндіру, осы арқылы «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні оқытушыларының білім деңгейін арттыру, дәстүрлі дін иелері мен діни қауымдастық арасында өзара қарым-қатынасты, ынтымақтастықты нығайту,-дейді облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы.

Дереккөз: muftyat.kz.

Оценить материал
0