Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта қолға алынбақ

1155
Фото: aktobe.gov.kz.

Ақтөбеде экстремизмге және терроризмге қарсы әрекет ету мәселесі бойынша 2 сәуірде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қалпына келтіріледі, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты. Ағымдағы айдың ішінде топ мүшелері Мұғалжар, Темір, Алға, Байғанин және Шалқар аудандарында жұмыс істейтін болады. Шара аясында 57 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәжілісте жобаны іске асырудың өзекті мәселелеріне тоқталып,ең бастысы нәтижессіз іссапарлар мен пайдасыз есептер қажетсіздігін жеткізді.

Бұрынғыдай, басты назар халықпен жұмыс істеуге аударылып, әлеуметтік мәселелерді шешу, қылмыстық және діни экстремизмге жол бермеу, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру және аймақтағы бизнес-ортаны дамытуға күш жұмсалады.

Жиында жұмыс топтарының басшылары жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті. Осылайша дінге сенуші жастармен, діни қауымдастықтармен, бас бостандығынан айыру орнынан шыққан адамдармен жалпы саны 7 мың адамнан тұратын аудиториямен 150-ден астам шараларды ұйымдастыру жоспарланды. Негізінен бұл мешіттерде кездесулер, семинарлар, дәрістер сынды мақсатты шаралар болып отыр.

Оценить материал
0