Наверх

Погода в Астане:20 октября, ночь: +10° 5 м/с20 октября, утро: +8° 4 м/с20 октября, день: +14° 5 м/с20 октября, вечер: +10° 5 м/с

Мамай қорғанында қазақ жауынгерлерінің ерлігіне ескерткіш орнатылады

1368
Фото: atr.kz.

Ресейдің Волгоград облысындағы Мамай қорғанында қазақ жауынгерлерінің ерлігіне араға 75 жыл салып гранит ескерткіш орнатылады. Бұл туралы аймақтағы «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу отрядының өкілдері мәлімдеді.

Іздестіру-зерттеу отрядының командирі Александр Шитовтың айтуынша,еске алу вахтасы  Жеңіс күні қарсаңында өткізіледі.

- Осымен 10 жыл бойы үздіксіз ұйымдастырылып жатқан «Батырлар жолымен» акциясы шеңберінде Волгоград облысындағы кезінде қан майданға айналған жерлерде хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлер іздестіріледі.Көктемгі вахтамыз Сталинград шайқасының 75 жылдығына арналады,-дейді іздестіру-зерттеу отрядының командирі Александр Шитов.

Қазіргі таңда Мамай қорғанында «Сталинград шайқасының батырларына» атты мемориалдық ансамбль бар. Нысанның құрамында Татарстан, Карашай-Черкессия, Осетия, Хабаровск аймағының жауынгерлері рухына белгілер орнатылған. Ал қазақстандық ержүрек батырларға арналған ескерткіш болмаған.

«Бұл игі іске павлодарлық іздестірушілер мұрындық болып отыр. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында Волгоград облысының губернаторына ұсыныс жасадық. Бақытымызға орай, бастамамыз қолдау тапты. Сталинград шайқасында қазақ жерінде құрылған 459-шы атқыштар дивизиясы, 74-ші теңіз-атқыштар бригадасы, 81-ші кавалериялық дивизия, 387-ші атқыштар дивизиясы, 152-ші атқыштар бригадасы, 129-шы минометті полк, 156-шы көпір құрылысы батальоны, сонымен қатар, 460-шы атқыштар дивизиясының құрамындағы солдаттар туған жер үшін соғысты. Олардың қатарында бүгінгі күнге дейін хабарсыз кеткендер бар. Біз өз алдымызға сол азаматтарды табу мақсатын қойып отырмыз»,-дейді Александр Шитов.

Еске сала кетсек, «Майдан жолы» жасағының белсенділері 10 жылдың ішінде Ресейде жерлес-жауынгерлерге арналған 23 ескерткіш орнатты.

Дереккөз: Атырау газеті.

Оценить материал
0