Наверх

Погода в Астане:03 июня, день: +16° 4 м/с03 июня, вечер: +14° 3 м/с04 июня, ночь: +10° 3 м/с04 июня, утро: +11° 6 м/с

Қызылорда мектептерінде рухани жаңғыру бағдарламасынан дәрістер өткізілді

1191
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орталық сараптама кеңесінің бастамасы және Қызылорда қаласы әкімдігінің қолдауымен қаланың 40-тан аса орта мектептерінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жастарға түсіндіру, кемел келешек пен оған жетер  қадамдарды кеңінен насихаттау мақсатында  дәрістер өтті, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрістер барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жетекші ғалымдары, оқытушы-профессорлар құрамы, сарапшылар 8,9,10,11-сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Білімнің салтанат құруы», «Туған жер», «Латын әліпбиіне көшу», «Рухани қазына» және т.б арнайы жобаларының мазмұны мен маңызын түсіндірді.

Ғалымдар Елбасының аталған тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отырғандығын, сонымен қатар, «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстан жастарының ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға болуының маңыздылығына айрықша тоқталды.

Сонымен қатар, ұлттық код мәселесін де жастарға толық ашып түсіндірілді. Оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын ортаға салып, тұщымды жауаптар алды.

Оценить материал
0