Наверх

Погода в Астане: 06 марта, ночь: -2° 9 м/с06 марта, утро: -4° 6 м/с06 марта, день: -5° 6 м/с06 марта, вечер: -9° 4 м/с

Шығыс Қазақстанда жемқорлыққа қарсы марафон басталды

1302
Фото: Устинка LIVE.

Өскеменде бірнеше айға созылатын жемқорлыққа қарсы марафон басталды.

Марафон "Адал жол" немесе "Честный путь" деп аталды.  Акция эстафета түрінде өткізіледі. Облыстың әр қаласы мен ауданына марафонның символы - "Адал жол"  атты кітап беріледі. Кітапқа олар аймақта жасалған барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы жазады.

- Біз сыбайлас жемқорлық көрінісіне шыдамайтын қоғамды қалыптастыруға бағытталған 30-дан астам шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Буловкина.

Облыс орталығында бұл акция бүгін басталды және ол 5 сәуірге дейін жалғасады. Кейін  бұл эстафетаны Ұлан ауданы жалғастырады. Марафон аясында Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған іс-шаралар өтеді.

Дереккөз: Устинка LIVE.

Оценить материал
0