Наверх

Погода в Астане:20 октября, день: +15° 5 м/с20 октября, вечер: +12° 6 м/с21 октября, ночь: +9° 4 м/с21 октября, утро: +7° 3 м/с

Оралда апатты үйлердің орнына жаңа баспаналар салынады

1040
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оралда апатты деп танылған 200-ден астам үйді бұзылып, орнына жаңа көпқабатты баспаналар бой көтереді. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекет пен жекеменшік әріптестігі аясында жүзеге асырылады. Биыл Оралда апатты деп танылған 7 үй жойылып, орнына жаңа көпқабатты үйлер салынады. Кердері, Ғұмар Қараш және Құрманғазы көшелеріндегі бұл екіқабатты ескі үйлер өткен ғасырдың 50-60-жылдары бой көтерген. Қазір қабырғалары қақырап, едендері сөгіліп дегендей, әбден тозығы жетіп тұрғаны рас.

2016 жылдан бері қалада осындай 6 үй бұзылып, босаған жер учаскесінде 6 қабатты бір және 9 қабатты екі үй салынып жатыр. Ал Деповская көшесіндегі 9 қабатты су жаңа баспана былтыр күзде пайдалануға берілді. Билік пен бизнес арасындағы бұл әріптестік үш тарапқа да тиімді. Яғни қаланың қолайлы тұсынан тегін жер телімін иеленген құрылыс компаниясы жаңадан көпқабатты үй салады. Пәтерлердің бір бөлігін бұрынғы бұзылған үйдің тұрғындарына табыстайды. Қалған пәтерлерді нарықта саудаға шығарады.

Жыл соңына дейін қалада бұрын апатты деп танылған үйлерде тұрып келген 150 отбасы жаңа баспанамен қамтылатын болады. Қазір қала билігі тап осындай тағы 9 үйдің құжаттарын дайындауға кірісті. Айта кету керек, облыс орталығында әбден тозығы жетіп тұрған 243 үй бар, солардың 43-ін мамандар апатты деп танып отыр. Сондықтан шаһардың тұрғын үй қорын жаңғырту бағытында әлі талай іс тындырылуы тиіс.

Дереккөз: Хабар 24.

Оценить материал
0