Наверх

Погода в Астане:30 октября, вечер: +2° 4 м/с31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с

Ақтөбеде «Балалардың мүдделеріндегі әрекеттер стратегиясы» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізіледі

1037
Фото: caravan.kz.

2018 жылғы 29 наурызда Ақтөбе қаласында «Балалардың мүдделеріндегі әрекеттер стратегиясы» атты тақырыпта жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі, деп хабарлайды Объектив.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында балалар үйлерін өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарына ауыстырудың және балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне интернаттан кейінгі қолдау көрсетудің өзекті мәселесін талқылану жоспарланған. 

Отырысқа Қазақстан Республикасының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, республикадағы балалар үйлерінің директорлары, орталық пен жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері  қатысады.

Республикада балалар үйлері желісі қысқаруда, олардағы тәрбиеленушілердің саны жылдан жылға азаюда. Бұл халықаралық тәжірибеге негізделген ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатпен тікелей байланысты.

2017 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың отбасылық нысандарын дамытудың өзгерісті кезеңі болды. Жаңа нысандар қабылданды, 22 бала қабылдайтын отбасы құрылды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық банкі іске қосылды, балалар үйлерін өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарына ауыстырудың үрдісі басталды.

Оценить материал
0