Наверх

Погода в Астане:20 октября, ночь: +10° 5 м/с20 октября, утро: +8° 4 м/с20 октября, день: +14° 5 м/с20 октября, вечер: +10° 5 м/с

Мамырға дейін елордадағы барлық білім беру мекемелерінің өрт қауіпсіздігі тексеріледі

1456
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бүгін қала әкімдігінде Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Жүргенбаева СОСО-тары мен адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды елорда әкімінің ресми сайты. 

Брифингте Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарында және адамдар көп шоғырланатын орындарда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша жоспардан тыс қосымша тексерулер жүретіні айтылды.

Астанада 60-тан астам денсаулық сақтау орны, 300 мектепке дейінгі білім беру орталығы, 100 мектеп және 10 арнайы білім беру мекемесі, 50 ЖОО мен колледж бар. Сонымен қатар, 117 сауда нысаны бар, оның 83-і сауда үйі, 9-ы ірі сауда ойын-сауық орталығы, 25-і базар және 200-ден астам қонақ үй, 60 хостел және 600-ден астам адамдар тамақтанатын қоғамдық орын бар.

«Астана қаласы бойынша өрттің, төтенше жағдайдың алдын алу әрдайым жауапты мекемелердің бақылауында. Жыл сайын жоспарлы түрде тексеру шаралары жүргізіліп отырады. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау саласына тиесілі нысандарда өрт қауіпсіздігін сақтау ерекше бақылауда», - деді Эльмира Жүргенбаева.

Наурыз айынан бастап Астана қаласында 70 білім беру мекемесінің өрт қауіпсіздігі тексерілген. Осы жылдың мамыр айына дейін барлық білім беру мекемелері тексеріледі. Тексеру комиссиясының құрамында ТЖД-нің, Білім басқармасының өкілдерімен қатар ата-аналар да бар.

«Қазіргі күні қаламыздағы 9 ОСО-ның 6-ы тексерілді. Үш орталықтан 32 ереже бұзушылық анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 3 адам тартылып, айыппұл салынды. Екі ОСО-да аудит жүргізілді, ал бір нысанға(Mega Silk Way Astana) тексеру осы жылы жасалады.

 Биыл ерекше тәртіппен Астанадағы 50 сауда нысанына тексеру жүргізіледі. Тексеру кезінде қауіпсіздік техникалары ережесінің сақталуы, өрт сөндіру жүйесі мен хабарландыру, дабылды ескерту, эвакуация схемасы мен авариялық шығу жолдарына баса мән берілмек», - деді Эльмира Жүргенбаева.

Оценить материал
0