Медет Шотабаев Италия Жұлдызы Орденімен марапатталды

Күні «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев марапатқа ие болды – ол Италия арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуы және итальян тілін насихаттауы үшін Италия Жұлдызы Орденінің Кавалері атанды, деп хабарлайды Объектив.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шетелдіктерге арналған жоғары итальяндық марапат. Оның жарты ғасырдан астам тарихы бар және осы уақыттың ішінде әнші командор дәрежесіне ие болған алғашқы қазақстандық болды.
Әртіс үздік әлемдік сахналарда басты партияларды сәтті орындап келеді. Бразилия, Франция, Финляндия, Румыния ... Жақында ғана солист Братиславадан оралды, ол Словакия ұлттық театрының сахнасында Дж.Вердидің «Травиата» операсында Альфред партиясын тамаша орындады. Солистің өнер көрсетіп жүрген мемлекеттер тізімін ұзақ жалғастыра беруге болады, дегенмен, әнші Отаны – Қазақстанда және жанына жақын болып кеткен Италияда өнер көрсеткен кезде ерекше сезімге бөленеді. Бұл елмен оны көп нәрсе байланыстырады – Рената Тебальди мен Марио дель Монако атындағы академияда оқыды (Пезаро, Италия), осы жерде ол Беньямино Джильи атындағы Халықаралық байқаудың дипломанты атанды (Порто-Реканати, Италия, 2008). Көрермен қауым қазақстандық тенор Медет Шотабевты жақсы көреді, итальяндықтар көшеде танып, қолтаңбасын сұрайды, отбасымен бірге оның өнер көрсетулеріне барады.
- Италияда көп өнер көрсетемін және бұл елде өзімді еркін сезінемін. Италия Елшілігінің концерттерге қатысу туралы шақыртуларын әрдайым зор қуанышпен қабыл аламын. Жақында итальяндық әріптестерімізбен бірге Астана мен Алматыда музыкалық кеш өткіздік, олар скрипка, альт, фортепианода шеберлікпен ойнады, бірақ әсерлісі – мандолинадағы өнер көрсету болды. Бұл аспаптың вокалмен бірге дыбысталуы ғажап әсер береді, тыңдарман өздерін Италияда жүргендей сезінді. Италия Елшілігі ұйымдастыратын жобаларды қуана қолдаймын, меніңше, бұл да қос ел арасындағы екі жақты қарым-қатынасты нығайтады, - деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Медет Шотабаев.
Орден шетелде тұратын Италия азаматтары мен шетелдіктерге Италия мен өзге елдердің арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастарды дамытудағы ерен еңбегі үшін табыс етіледі. Марапат Сыртқы істер министрінің Орден кеңесімен бірлескен шешімінен кейін Италия Президентімен тағайындалады.