Наверх

Погода в Астане: 06 марта, ночь: -2° 9 м/с06 марта, утро: -4° 6 м/с06 марта, день: -5° 6 м/с06 марта, вечер: -9° 4 м/с

Маңғыстаулық тұрғындардың 94,1 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген

1751
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бұл туралы облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен  өткен аппараттық жиында айтылды, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындыларын облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Гүлзайда Төлеуғалиеваның айтуынша, облыстағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 94,1%.Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі – 50,8 %. 

«Маңғыстау ауданындағы 6 көше және 15 шағын ауданға, Түпқараған ауданындағы 1 көшеге, Бейнеу ауданындағы 3 көше және 1 даңғылға облыстық ономастика комиссиясының оң қорытындысы берілді. Сонымен қатар, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Маңғыстау ауданындағы 1 білім беру мекемесіне атау беру жөніндегі құжаттар ұсынылды», - деді облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Гүлзайда Төлеуғалиева.

Оценить материал
0