Наверх

Погода в Астане: 04 октября, ночь: +3° 4 м/с04 октября, утро: +4° 4 м/с04 октября, день: +10° 4 м/с04 октября, вечер: +7° 5 м/с

Атырауда республикалық «Фариза оқулары» өтті

2452
Фото: аtr.kz.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған Республикалық көркемсөз оқу шеберлері байқауы болып өтті.

Қазақтың көрнекті ақынының жалынды жырларын халық арасында кеңінен тарату мақсатына негізделген шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген поэзия падишасының  жыр жолдарын жатқа айтатын үміткерлер жиналды.

Сайыс барысында олар ақынның отансүйгіштік рухты оятар, туған халқын сүюге, құрметтеуге арналған бір шығармасын және еркін тақырыпта бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқыды. Қазылар алқасы үміткерлердің өлеңді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына назар аударды.

Байқау қорытындысында бас жүлдені атыраулық Әйгерім Қабдешова иеленіп, батыс қазақстандық Назгүл Тахманова жүлделі бірінші орын мінберінен көрінді. Ал, Ақтөбеден келген Әйтеке Тәжібай мен атыраулық Айжан Бөлекбаевалар екінші орын иегерлері атанды. Сонымен қоса, атыраулық   Жанат Саматқызы  мен Әйгерім Силықовалар   үшінші орынды қанағат тұтты. Қарағандылық Меруерт Аңсат пен батысқазақстандық Айнабек Бисенғалиевтер байқаудың дипломанттары атанды.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дереккөз: «Атырау» газеті.

Оценить материал
0