Наверх

Погода в Астане:13 июля, вечер: +26° 2 м/с14 июля, ночь: +20° 3 м/с14 июля, утро: +27° 2 м/с14 июля, день: +32° 5 м/с

Таразда тал отырғызу акциясы басталды

1364
Фото: Хабар 24.

Таразда «Өз талыңды отырғыз!» республикалық акциясы басталды. Игі шара «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының бастамасымен қолға алынды.

Партия белсенділері мен жастар 300-ден астам ағаш көшетін отырғызып, қаланың бірнеше жерінде өткен көгалдандыру шарасына қатысты. Экологиялық акция енді Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында жалғасады. Айта кету керек, бұл бастама биыл екінші мәрте өткізіліп отыр.

Өткен жылы 5 мың адам қатысып, 10 мыңнан астам ағаш отырғызылған. Негізгі мақсат елімізді көріктендіріп, гүлдендіру әрбір қазақстандықтың азаматтық міндетіне айналуы тиіс,- дейді ұйымдастырушылар.

Дереккөз: Хабар 24.

Оценить материал
0