Наверх

Погода в Астане:29 мая, ночь: +19° 4 м/с29 мая, утро: +21° 4 м/с29 мая, день: +23° 5 м/с29 мая, вечер: +20° 4 м/с

Тарбағатайлық өнерпаздар халықаралық Наурыз фестиваліне қатысады

805
Фото: «Дидар» газеті.

Тарбағатайлық өнерпаздар Иран Ислам республикасының астанасы Тегеранда өтетін халықаралық Наурыз фестивалінде ел намысын қорғайтын болды. 

Еліміздің сыртқы істер министрлігі мен Иран Ислам республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту мақсатында және мұсылман халықтары арасындағы ортақ мерекені өткізуге сәйкес өнер ұжымы кәсіби деңгейі жоғары болып, арнайы іріктеуден өтті. 

Осыған дейін республикалық этнобайқаулардың бас жүлдесін жеңіп алған, халқымыздың сирек кездесетін көне музыкалық аспаптарынан құрылған Тарбағатай аудандық Мәдениет үйі жанындағы «Бабалар сазы» этноансамблін халықаралық Наурыз фестиваліне қатысуға лайық деп ұйғарыпты. 

«Бабалар сазы» ансамблі шалғай өңірдің өнерпаздары болғанымен, орындаушылық деңгейі өте жоғары. Барлығы да жоғары білімді, білікті музыка мамандары. Алты өнерпаз да бірнеше көне аспаптарды жете меңгерген әмбебап музыканттар. Киімдері де ерекше ұлттық нақышта тігілген. Тарбағатайлық таланттар Иран елінде 14 мұсылман мемлекеттерінен қатысатын Наурыз мерекесінде қазақ халқының көне музыкалық мұрасы мен халық әндерін насихаттайтын болады.

Дереккөз: «Дидар» газеті.

Оценить материал
0