Наверх

Погода в Астане: 08 августа, вечер: +20° 5 м/с09 августа, ночь: +15° 4 м/с09 августа, утро: +19° 5 м/с09 августа, день: +26° 6 м/с

Оралда Мәдениет сарайы салынады

1639
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов  өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы туралы баспасөз конференциясында айтты.

А.Көлгіновтың айтуынша, ұлттық дәстүрді қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Өңіріміздің барлық мектептерінде үзіліс кезінде қазақ композиторларының күйлерін ойнатуды қолға алдық. Оған қоса, мектептерде домбыра үйірмелері кеңейтілуде. Сондай-ақ, Орал қаласында «Домбыра күнін» өткізу жоспарланып отыр», - деп атап өтті облыс әкімі.

Облыс әкімі өз баяндамасында өңірдің қасиетті орындарына арналған жұмыстарға да тоқталды.

«Қасиетті орындар» тізіміне енген «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешеніне  алыс-жақын елдерден келетін туристердің қызығушылығы айрықша. Бұл өңіріміз үшін өте маңызды жоба. Облыс орталығынан шалғай жерде, 600 шақырым қашықтықта орналасқан кешенде туризмді дамыту мақсатында кіші авиацияны, жергілікті әуе желілерін дамытуды қолға алудамыз. Осыған сәйкес, бұрын болған әуе айлақтары 2021 жылға дейін қайта қалпына келтірілетін болады», - деді БҚО әкімі.

Сонымен қатар, биыл Орал қаласында заманауи Мәдениет сарайының құрылысы басталады.

Дереккөз: zhaikpress.kz.

Оценить материал
0