Наверх

Погода в Астане:06 июня, вечер: +19° 3 м/с07 июня, ночь: +16° 1 м/с07 июня, утро: +21° 2 м/с07 июня, день: +26° 3 м/с

Павлодарда «Абай оқулары» өткізілді

1821
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Ұлы ақынның аса бай әдеби мұрасын насихаттап, жас ұрпаққа үлгі етуде дәстүрлі Абай оқуларының орны ерекше.Осы мақсатта «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатта өткен ХІХ облыстық Абай оқуларына  облыс мектептерінен іріктелген 72 оқушы қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.  

ХІХ Абай оқуларының қатысушыларын бағалау төрт номинация бойынша жүргізілді. Байқауға қатысушылардың біразы  «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша Абай мен оның шәкірті Шәкәрімнің өлең-жырларын жатқа оқыса, басқалар «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша  ақын бабаларына арнаған өлеңдерімен қазылар алқасын таң қалдырды. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша қатысушылар қос ақынның өлеңдеріне жазылған әндер мен күйлерін нақышына келтіре орындаса, «Ұлылар әлемі» бағыты бойынша Абай мен Шәкәрімің еңбектеріне эссе жазды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернаттың 10 сынып оқушысы Жаябаева Диана бірінші орынға ие болды.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында осы білім ордасының 10 сынып оқушысы Әбдірайымов Ердәулет ақындық сөзге жүйрік деп танылды. «Көңілім әнді ұғады» номинациясында Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебінің 6 сынып оқушысы Бекмұрат Әділ ақын Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындап, жеңіс тұғырына көтерілді. «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 9 сынып оқушысы Жомарт Ақтотының жазған эссесі үздік деп танылды.

Сайыстың қорытындысы бойынша оқушының дарынын танып, жеңіске жетелеген шығармашыл ұстаздар да марапаттан құр қалмады. «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясы бойынша жеңімпаз оқушылардың ұстаздары: Ақсу қаласының мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Нұрғалиева Дария, №29 ЖОББМ-нің мұғалімі Рахатжанұлы Еркебұлан, дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының мұғалімдері Қайрат Айсана мен Мұхаметжанова Райгүл Алғыс хаттармен марапатталды.  

Абай оқуларының жеңімпаздары осы жылдың қыркүйек айында ұлы ақынның туған жерінде өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Оценить материал
0