Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

Астанада жатақхана құрылысы бағдарламасы әзірленеді

1025
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қалалық әкімдікте өткен астана активінің отырысында Президенттің бес әлеуметтік бастамасын талқылады. Оның үшінші бастамасында студент жастар үшін сапалы білім алу мен тұратын жерлерін жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімі Әсет Исекешевтың айтуынша, жұмыс тобы құрылып, үш ірі ЖОО-мен жұмыс басталған, жер учаскесі де анықталған.

- Қазір барлық колледждің басшыларының ұсыныстары тыңдалып, олардың жатақхана құрылысын салуда қандай талаптары бары тыңдалмақ. Таяу арада біз Астанадағы ЖОО мен колледждер үшін жатақхана құрылысын салудың нақты бағдарламасын әзірлеуіміз қажет , – деді әкім.

Сонымен қатар еңбек нарығын есепке ала отырып, ұзақ мерзімді перспективалы бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үшін жұмыспен қамтудың саясаты қарастырылып жатыр.

«Шар құрылыс» ЖШС бас директоры Жанна Бектемірова баяндамасында Мемлекет басшысының студенттерге арналған жатақхана құрылысы туралы бастамасын қолдауға дайын екендігін білдірді.

Ол өз сөзінде барлық  мүмкіндіктерді пайдалана отырып неше түрлі сәулеттік үлгімен студенттер қалашығын жобалау мен құрылысын жасау қажеттігін жеткізді.

- Мұның бәрі де жаңартылған құрылыс технологиясынсыз, заманауи құрал-жабдықтармен мен ғимаратты жобалауда алдыңғы қатардағы әдістерді пайдаланбай мүмкін емес, – деді Жанна Бектемірова. 

Оценить материал
0