Наверх

Погода в Астане:31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с01 ноября, ночь: +4° 5 м/с01 ноября, утро: +4° 5 м/с

Биыл Ақтөбеде 42 мың адамға қолдау көрсетіледі

1320
Фото: akt.gov.kz.

Бұл туралы облыстық әкімдікте өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» қатыстыру жөніндегі мәселелер талқыланған жиында мәлім болды, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл бұл бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облысқа 6,4 миллиард теңге қаржы бөлінбек, ал 2017 жылы бөлінген қаржының көлемі 4,8 миллиард теңге болатын.

Облыс басшысы бөлінген қаржыны уақтылы және тиімді игеру үшін тиісті шараларды қолға алуды тапсырды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаровтың айтуынша, бағдарлама аясында 2018 жылы 1000-нан астам адам тегін кәсіби-техникалық білім алатын болады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дуальды оқытудың қысқа мерзімді курстарына 2300-ге жуық адам тартылмақ. Өткен жылы осындай курстарда оқыған азаматтардың 93 пайызы жұмысқа орналасқан.

Сонымен қатар, биыл барлық 12 ауданның тұрғындары кәсіпкерлік негіздерін үйрететін «Бастау Бизнес» курстарына қатыса алады. Былтыр мұндай курстар тек 6 ауданда өткізілген еді. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы және жұмыссыз 2200-ден астам адам кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретіп, қаржылық сауаттылықты арттыруға және шағын несиелермен қамтуға бағытталған курстарда оқиды деп  жоспарланған.

Биыл аталған бағдарлама аясында да кәсіпкерлікті дамыту мақсатында гранттар берілетін болады. Облыста 50 адамға осындай гранттар беру жоспарланған.

Жұмыспен қамтуға ықпал ету мақсатындағы белсенді шаралар аясында биыл 42 мың адамға қолдау көрсету көзделген. Олар — өзін-өзі жұмыспен қамтуда нәтижеге қол жеткізе алмай отырған, сондай-ақ жұмыссыз және аз қамтылған азаматтар. 1 наурызға дейін бұл жоспар 10,3 пайыз орындалған.

Оценить материал
0