Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

ҚР Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру жайлы талқыланды

776
Фото: Министрліктің сайтынан.

Мемлекеттің жемқорлыққа қарсы саясаты, қорғаныс ведомствосындағы жемқорлық қауіп-қатерлері мәселелері жөніндегі кездесу барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Муксимов оларды жою жөніндегі ұсынымдар бойынша сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Қазақстандық блогерлер альянсының, «Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының президенттері Ғалым Байтук пен Мұсағали Дуамбеков және «Әскери спортты қолдау одағы» қоғамдық қорының төрағасы Жалғас Әлибаев мемлекеттік органдарда жемқорлықты алдын алу жөніндегі ұсыныстар мен арнайы мониторингтеу тобының жұмыс нәтижелері туралы баяндады.

Кездесуде Қорғаныс министрлігі жұмысының оң нәтижелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен тиімді өзара іс-қимыл және Қарулы Күштерде жемқорлыққа қарсы      іс-қимыл шараларын әрі қарай жетілдіру бойынша бастамалар атап өтілді.

Қарулы Күштерде 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу сәтінен бастап бірлесіп қабылданған жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижесінде 2014 жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстың саны 2015 жыл бойынша 21%-ға, 2016 жылы 7%-ға және 2017 жылы 24%-ға  төмендегені байқалады. 

Оценить материал
0