Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

Астанада «Скрипкалық музыка жауһарлары» атты концерт өтеді

770
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтың жетекшілігіндегі «Астана Опера» Камералық оркестрі әлемге әйгілі скрипкашы Ержан Күлібаевпен бірге (Қазақстан-Испания) «Скрипкалық музыка жауһарлары» концертін ұсынады, деп хабарлайды Объектив.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Неміс классик-композиторларының шоқтығы биік шығармалары 21 наурызда  сағат 18.00-де театрдың Камералық залында шырқалады.

Асқан шебер Ержан Күлібаев – Буэнос-Айрес, Лиссабон, Берлин, Новосібір, Екатеринбург және Нью-Йоркте өткен мәртебелі халықаралық байқаулардың алты бірінші сыйлығының, «Washington Award» сыйлығының иегері, Познаньдағы (Польша) Г.Венявский атындағы, Бухаресттегі (Румыния) Дж.Энеску атындағы байқаулардың лауреаты. Қазіргі уақытта Ержан Күлібаев Мадридтегі (Испания) «Катарина Гурска» жоғары музыка мектебінің профессоры болып табылады.

«Астана Опера» симфониялық оркестрімен бірге қазақстандық музыканттар аса көрнекті маэстро Валерий Гергиевтің жетекшілігінде концерттік бағдарлама ұсынып, Нью-Йорктегі Карнеги-холл, Торонтодағы Sony орындаушылық өнер орталығында, Париждегі Опера Бастилияда және Санкт-Петербордағы Мариин театрында өнер көрсетті. Ержан Күлібаев Швейцариядағы Маджини қорымен ұсынылған Антонио Страдиваридің 1722 жылғы «Роде» скрипкасында ойнайды.

Бұл кеште орындалатын классикалық жауһарлар оркестрмен скрипкаға арналған шығармалардың даму жолын айқындап, аталған жанр тарихында маңызды рөл атқарды. Айбынды романтик-композитор Макс Брухтың оркестрмен скрипкаға арналған №1 соль минор, ор. 26 концерті шырқалады. Шығарма құрылымының ерекшелігі, эпикалығы, шыңдалған музыкалық формасы, мәнерлілігі, бейнелердің әсемдігі, драмалылығы, жігерлілігі мен ауқымдылығы елордалық тыңдармандарға ұмытылмас әсер қалдырады.

- Биыл маэстро Абзал Мұхитдиновтың басшылығындағы оркестрмен М.Брухтың концертін алғаш рет орындағаныма 20 жыл толады. Содан бері әлемнің көптеген елдерінде бірнеше рет бірлесіп өнер көрсеттік. Осы кеште біз орындайтын Л. ван Бетховеннің концерті – скрипкалық репетуардың биік шыңы. Л. ван Бетховеннің концертін авторлық нұсқада орындау – сөзбен айтып жеткізуге келмейтін теңдессіз сезім, - деді Ержан Күлібаев.

Оценить материал
0