Наверх

Погода в Астане:31 октября, ночь: -3° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с31 октября, день: +7° 5 м/с31 октября, вечер: +4° 5 м/с

Павлодарда студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

1498
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Павлодар мемлекеттік университетінде студенттерге қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Г.Ахметова құттықтау сөзінде ЖОО-дағы СҚКО жұмысының жүзеге асырылуы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жұмысына негізделгенін айтып өтті.

– Студенттерге қызмет көрсету орталығы «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Бүгінгі күні СҚКО құрылымы 2 негізгі секторды қамтиды: оқу-білім беру және әлеуметтік-тәрбиелік. Көрсетілетін қызмет түрлерінің тізіміне ЖОО-ға қабылдау мен шығаруға қажетті құжаттар, студенттік билеттерді, мұрағаттық және академиялық анықтамаларды беру сияқты 40-там астам атау кіреді.

Барлық қызмет түрлері уақытты үнемдеу мен құжаттар көлемін қысқарту мақсатында барынша жеңілдетілетін болады.

Сонымен қатар, ЖОО-да ХҚКО маманы қызмет көрсететін болады. Бұл қызмет студенттерге де қолжетімді.

Қызмет көрсетудің жаңа тетіктері «Paper free» («Анықтамасыз қызмет түрі») және «Digital by default», яғни мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету заманауи қағидаларына негізделіп ұйымдастырылған.

Оценить материал
0