Наверх

Погода в Астане: 24 июня, ночь: +12° 4 м/с24 июня, утро: +13° 4 м/с24 июня, день: +17° 5 м/с24 июня, вечер: +15° 4 м/с

Ақтөбеде «Аяулылар.Асыл жандар.Ардақтылар» атты мерекелік шара өткізілді

1320
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Барлық шақырылған әйелдерді, олардың ішінде соғыс және еңбек ардагерлерін, көп балалы аналарды, Ақтөбе қаласының құрметті азаматтарын, депутаттарды және қоғамдық кеңестің мүшелерін, қала және ауылдық округтердің барлық салаларының өкілдерін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов құттықтады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ілияс Сапарбекұлы қоғамдағы әйелдердің рөліне тоқталып, балаларды тәрбиелеуге, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қайырымдылық іс-шараларына белсене қатысып, зор үлес қосып жүрген жандарға үлкен ілтипатпен ризашылығын білдірді.

Салтанатты түрде қала басшысы 12 көп балалы аналарға мемлекеттік наградалар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыстады. 

Мемлекет басшысының «Алтын алқа» және «Күміс алқамен»  марапаттау туралы Жарлығына сәйкес, «Алтын алқа» жеті немесе одан да көп баланы өмірге әкеліп, тәрбиелеп отырған М.К.Каримова, Д.Нурғалиева және С.Е.Унгарбаеваларға табысталды.

Қала әкімі алты бала тәрбиелеп отырған тағы 9 анаға «Күміс алқа»  тапсырды. 

Оценить материал
0