Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Оңтүстік Қазақстанда 100 мыңға жуық көп балалы ана тұрады

1543
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қыз-келіншектер мен аяулы аналарды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады. Мейрам қарсаңында нәзік жандыларға арнайы ақ дастархан жайылып, бұрымдылардың құрметіне «Әйел – ана – өмірдің өзегі» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, облыстық ассамблея өкілдері, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, облыстың аудан, қалаларынан түрлі салада қызмет ететін қыз-келіншектер жалпы саны 300-ге жуық нәзік жанды қатысты.

«Құрметті, ардақты аналар мен аяулы арулар! Сіздерді төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын!  Елімізде көп балалы аналар саны бойынша өңіріміз көш бастап тұр. Бүгінде облыста көп балалы аналарымыз 98 600-ден асты. Олардың 3998-і «Батыр аналар», 16361-і «Алтын алқа», 42 724-і «Күміс алқа» иегері. Ал, 6906 ана І-ші және ІІ-ші дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған. Елдің өсіп, өркендеуіне ерекше үлес қосып отырған жандар қашанда аман болсын», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мерекелік жиында аймақ басшысы үйдің де, түздің жұмысын қатар алып, қоғамда айрықша белсенділігімен көзге түсіп жүрген 33 әйел азаматын марапаттады. Оның 5-не «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі берілсе, 14-не Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Грамотасын, 9-ы облыс әкімінің Алғыс хатын алды. Ал, 5 ананың кеудесіне «Алтын алқа» төсбелгісі тағылды. Сондай-ақ, әкім салтанатты шараға келген басқа да әйелдерге сый-сияпат жасады.

Оценить материал
0