Наверх

Погода в Астане: 04 октября, ночь: +3° 4 м/с04 октября, утро: +4° 4 м/с04 октября, день: +10° 4 м/с04 октября, вечер: +7° 5 м/с

Оңтүстік Қазақстанда «Отырарды қорғау» атты мультфильм көрерменге жол тартты

1945
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Тұсауы кесілген туынды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың идеясымен дайындалған, деп хабарлайды Объектив.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақ халқының тарихынан сыр шертетін шығарманың салтанатты тұсау кесер рәсіміне облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты. Жиында сөз алған өңір басшысы фильмді дайындаудағы мақсатына тоқталды.

«Мемлекет басшысы мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың мүлдем жаңа тәсілдерін ойластыру керек. Мәдени өнімдеріміз тек кітап түрінде емес, әртүрлі мультимедиялық тәсілдермен де шыққаны абзал деген болатын. Бұл тапсырма өңірімізде тиісті деңгейде атқарылып келеді. Міне, «Отырарды қорғау» анимациялық фильмі осының дәлелі», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өңірдегі туризм саласын дамытуға, Отырардың мәртебесін көтеріп, шетел азаматтарының қызығушылығын арттыруға, көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерді насихаттауға, көрерменді патриотизмге баулуға бағытталған дүние «2D, 3D» форматында жасалған.

Бұл фильмде аты аңызға айналған көне Отырар қаласының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті елін сүйетін екі баланың бастан кештен хикаялары арқылы суреттеледі. Шығарманы тамашалаған көрермен әлемдегі екінші кітапхана атанған Отырар кітапханасы мен Әбу Насыр Әл-Фараби туралы толық мағлұматтарға қанығады.

Анимациялық фильмнің режиссері әрі бас суретшісі – Азамат Ерназаров, сценарий авторы – Бақытжан Құлжабай, музыкасын жазған – Руслан Шынықұлов, фильм директоры – Нуриддин Паттеев.

25 минуттық анимациялық фильмнің алғашқы көрсетілімінен кейін, облыс әкімі жобаға ат салысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Биыл  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Төле би» 10 сериалы кинохикаясын, «Түркістан», «Оқсыз оқиғасы», «Ордабасы – бірліктің туы» атты анимациялық фильмдерін түсіру жоспарланған.

Оценить материал
0