Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Павлодарда барлық ауылдар интернетке қосылады

1017
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Биыл Павлодар облысында ғаламтор желісімен қамтылмаған ауылдардың барлығы Интернетке қосылатын болады. Аймақ басшысы бұл жұмысты 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Объектив .kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің аппарат басшысы Расул Оразғұлов облыстағы 368 ауылдың 35-і әлі де Интернет желісіне қосылмағандықтан «Электронды үкімет» порталының қызметтерін пайдалана алмай отырғанын айтты. Интернетке 100 пайыз қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бұл ауылдарда автономды стансалар құру ұсынылды.

– Бір станцияны құру жұмыстары 110 мың теңге тұрады, ай сайынғы абонеттік төлем – 56 мың теңге, – деді өңірлік жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ермұрат Нұрханов. – Осы жұмыстармен айналысып жатқан компания да бар.  

Интернетсіз отырған ауылдарды ғаламтор желісіне қосу жұмыстарын 2018 жылдың соңында аяқтау жоспарланған болатын. Алайда, облыс әкімі бұл мәселені  осы жылы алғашқы жартыжылдықта шешуді тапсырды.

Оценить материал
0