Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Қарағанды облысында ерлерге қарағанда әйелдер саны көп

1446
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қарағанды облысындағы әйелдердің саны 2018 жылдың басында 725,9 мың болды. Ол аймақ тұрғындарының жалпы санының 52,6%-ы. Соңғы 5 жылда облыста әйелдер саны 3,7 мыңға көбейді, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.

Ауылдық жерлерге қарағанда қалада әйелдер саны ерлерден көбірек. Қарағандыда 17,6%-ға, ал Теміртауда 14,6%-ға артық.

Орташа есептегенде облыста әйелдер 75,3 жасқа дейін өмір сүреді, ол ерлер өміршендігімен салыстырғанда 9,1 жылға ұзағырақ (66,2 жас). Соңғы бес жылда өмір сүру ұзақтығы әйелдерде 2,6 жасқа, ал ерлерде 4,1 жасқа дейін ұлғайған. 

Жұмыспен қамтылған халық санында әйелдердің үлес салмағы 45,9%-ды (302,3 мың адам).

Оның ішінде 93,9% жалдамалы қызметкерлер болып табылады, 6,1% - өз бетінше жұмыспен қамтылғандар.  

Өз бетінше жұмыс істейтін әйелдердің ішінде 9,6 мың адам (52%) сауда саласында, 4,5 мың адам (24,1%) – ауыл шаруашылығында, 2,7 мың адам (14,7%) – өзге де қызмет көрсету саласында жұмыс жасаған.

Жұмыспен қамтылған әйелдер санының 39,5%-ында орта кәсіптік білім, 38,8%-ында – жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар.

Әйелдердің жартысынан көбі (64,8%) оқу барысында алған мамандығы бойынша жұмыс істейді.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің санында әйелдер 62,9%-барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары арасында - 22,5%.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың бірінші басшылары болып табылатын әйелдер саны соңғы жылы 7,6%-ға өсті.

Осы оқу жылының басында облыстың жоғары оқу орындарында 22,2 мың студент оқыды, колледждерде – 19,1 мың.

ЖОО-да оқитындар санындағы әйелдер үлесі 52,1%. Колледждерде оқушылар азырақ (47,4%), 57,2% докторант және 49% магистрант - әйелдер.

Оценить материал
0