«Сыр- Алаштың анасы» атты ғылыми-танымдық конференциясы өткізілді

Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Сыр – Алаштың анасы» атты ғылыми – танымдық конференциясы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Конференцияға зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, университет профессорлары, оқытушылары, студенттер және кітапхана оқырмандары қатысты. Конференция барысында тарихшы-ғалымдар «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ахметбек Бахытжан, философия және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары Жаппасбаев Әлібек және Жәрімбет Ғалия баяндамаларын жасап, құнды ескерткіштерді, маңызды орындарды сақтап қалу мәселелері сынды бірқатар ойды ортаға салды.
Конференция барысында қатысушылар ой мен қоса ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтсақ, Қызылорданың сол жағалауында Алаш көсемдеріне арналған аллея ашу, Сыр елінен шыққан белгілі қайраткерлердің ұрпаққа өсиет ретінде айтылған қанатты сөздерінен құралған жинақ шығару. Конференция соңында қатысушылар «Бойында дарияның бір қала бар...» атты кітап көрмесімен танысты.