Наверх

Погода в Астане: 28 июля, день: +22° 6 м/с28 июля, вечер: +17° 4 м/с29 июля, ночь: +12° 3 м/с29 июля, утро: +15° 3 м/с

Таразда «алғыс ағашы» қойылды

1766
Фото: taraztv.kz.

Тараздықтар ет жақындарына деген ізгі лебіздері мен ыстық ықыласын қағаз бетіне түсіріп, мұражайға сақтап қоюына болады. Ол үшін облыстық көрме залында арнайы «алғыс ағашы» қойылды.Игі бастама ризашылық күніне орайластырылып,музейге келушілердің қызығушылығын тудыруда. Тұрғындар жапсырма қағазға алғыстарын жазып, тілек ағашына ілді.

Ақ тілектердің басым бөлігі Отанға, Елбасына, туған-туыс, дос-жарандарға арналады. Мұның түп негізі маңыздылығы басым мерекені жастарға насихат ету. Қолынан өнер тамған шебер Серік Бисенов те ілкімді іске атсалысқанды жөн көрді. Алғыс ағашы наурыз айының соңына дейін көрме залында тұратын болады.  Музей қызметкерлері барша ашық хаттарды назардан тыс қалдырмай, ең үздіктері әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

Дереккөз: Жамбыл телеарнасы.

Оценить материал
0