Наверх

Погода в Астане: 04 октября, ночь: +3° 4 м/с04 октября, утро: +4° 4 м/с04 октября, день: +10° 4 м/с04 октября, вечер: +7° 5 м/с

Нәзік жандыларға арналған сүйікті балет

1678
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.

«Астана Опера» сахнасында алғаш рет балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жаңа хореографиялық редакциясында театрдың балет труппасы П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» спектаклін ұсынады, деп хабарлайды Объектив. kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балет 8, 10 және 17 наурызда «Астана Операның» Үлкен залында орындалады.

«Аққу көлі» балетінсіз музыкалық театрды елестету мүмкін емес. Ерекше танымалдылығы оны академиялық балет өнерінің нышанына айналдырды. Либреттоның негізі – ертегі фольклорында жиі кездесетін теріс сиқыр күшімен құсқа айналған қыз жайында. Зұлым кемеңгердің сиқыры күндіз ғана әсер етеді, ал ай туғанда аққу әсем Одеттаның кейпіне енеді. Ол жалғыз емес, көлде Одеттаның айналасында оны аққулардың патшайымы деп атайтын дуаланған аққу-арулар бар. Дуаның бетін тек қана жас жігіттің адал махаббаты қайтара алады, бірақ мәңгілік махаббатқа берілген серт бұзылған жағдайда, ол мәңгі-бақи аққу болып қалады...

- «Аққу көлі» - классикалық балеттің нышаны, әлемдік бренд. П.И.Чайковскийдің музыкасы – біз үшін үлкен мұра. Бұл балет мәңгі, оны бізге дейінгілер де көрген және оған біздің ұрпағымыз да тамсанатын болады, - деді «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова.

Бас партияларды әр күндері «Астана Операның» әртістері орындайды. Одетта - Одиллия – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, «Астана Операның» жетекші солистері Әйгерім Бекетаева, Мәдина Басбаева, Зигфрид – көптеген халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжас Тарланов, Еркін Рахматоллаев, Ротбарт – Жәнібек Иманқұлов, халықаралық байқаулардың лауреаты Арман Оразов, Сайқымазақ – халықаралық байқаулардың лауреаттары Бақтияр Адамжан, Серік Нақыспеков.  

«Астана Опера» симфониялық оркестрі, дирижер – Арман Оразғалиев.   

Оценить материал
0