Наверх

Погода в Астане:30 октября, день: +5° 4 м/с30 октября, вечер: +1° 3 м/с31 октября, ночь: -4° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с

Астанада тұңғыш рет халықаралық әйелдер форумы өтеді

1166
Фото: zhaina-forum.kz.

Алғаш рет ұйымдастырылатын іс-шараға 500-ден астам әйел қатысады деп жоспарланған. Форум 4 наурызда Астанада өтеді.

Жиында отбасылық қарым-қатынас, бала тәрбиесі, қазіргі заманғы жастардың моральдық тұрғыда дамуы, отбасымен қатар карьераны да қатар алып жүру, өзін-өзі дамыту мәселелері талқыланады. Шара барысында Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Сингапур және АҚШ елдерінің іскер әйелдері өз ойларын айтып, маңызды сәттерде қандай қадам жасау қажеттігімен бөліседі.   

Халықаралық форум қатысушылары қатарында Астана халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі директоры Әсел Жиенбаева, шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова, жартылай жеңіл (IBO) және жеңіл (WIBA) салмақтағы әлем чемпионы Фируза Шәріпова, бизнес жаттықтырушы әрі оқытушы Дженифер Льюис (АҚШ), Community іскерлік басылымының шеф-редакторы Татьяна Люлька (Украина), әйелдерге арналған LADY.TUT.BY сайтының жетекшісі Светлана Зере (Беларусь), жазушы, бизнес-жаттықтырушы Лариса Парфентьева (Ресей), халықаралық Success Resources компаниясының тең құрылтайшысы Вероника Тан (Сингапур) бар.

Оценить материал
0