Наверх

Погода в Астане:30 октября, день: +5° 4 м/с30 октября, вечер: +1° 3 м/с31 октября, ночь: -4° 3 м/с31 октября, утро: -4° 4 м/с

Ақтөбеде «Алғыс айту- парыз» атты апталық басталды

1215
Фото: Ақтөбе газеті.

1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту — парыз» атты апталық басталды.

Аталған апталық шаралары аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Жылы жүрек» акциясы өтті. Бұл күні «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері мен ерікті жастар Ақтөбе қаласындағы бірнеше қарияның үйінде болып, азық-түлік өнімдерін үлестірді.

— Бұл датаның көктемнің алғашқы күнімен сәйкес келуінің де өзіндік себебі бар. Дәл осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 1 наурызда тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдері қазақ жеріне, қазақ халқына алғыстарын білдіре алады.

Өткен жылы осы мақсатта Ақтөбеде 187 шара өткізілді. Аз қамтылған және көпбалалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Биыл да бұл шаралар жалғасын табатын болады, — деді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбек.

«Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында  облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестік өкілдерінің ұйымдастыруымен Қарттар үйінде мерекелік концерт өткізіліп, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық жәшігі орнатылды.

Оқушыларға этномәдени бірлестіктердің музейіне экскурсия жүргізіліп, Ассамблея жанындағы тегін мемлекеттік және Қазақстан этностары тілдерін үйрететін жексенбілік мектептерге шығармашылық үйірмелерге шақырылды.

Дереккөз: Ақтөбе газеті.

Оценить материал
0