Наверх

Погода в Астане:28 сентября, ночь: +9° 3 м/с28 сентября, утро: +9° 3 м/с28 сентября, день: +17° 5 м/с28 сентября, вечер: +13° 3 м/с

Биыл Талдықорғанда үш мектеп пайдалануға беріледі

1227
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Жаңа оқу жылында Талдықорған қаласында үш бірдей жаңа мектеп есігін айқара ашпақ.

Ол - бір музыка мектебі және әрқайсысы 1200 орындық екі жалпы білім беретін мектептер. Бұл туралы  облыс әкімі А. Баталовтың қалада салынып жатқан құрылыс нысандарды аралауы барысында белгілі болды.

Облыс орталығындағы 300 орындық музыка мектебі жаңа Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданында орналасқан. Екі қабатты мектеп өзіне ғана тән сәулеттік шешімімен ерекшеленеді, ғимараттың кейпі амфитеатрға ұқсас, 200 орынға арналған жеке концерт залы бар. Нысандағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Осы ауданда 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің де құрылысы жүріп жатыр. Амандық Баталов аумақты абаттандырудағы кемшіліктерге, ғимаратқа қойылған желдеткіш шілтердің, карниздердің сапасына қатысты сын-ескертпелерін айтып, қажет жағдайда ауыстыруды тапсырды.

1200 орынға арналған тағы бір мектеп облыс орталығының солтүстік-батыс ауданында салынуда. Бас мердігері – «Melior Logistik», жобалаушы ұйым – «Арлан-Жоба Құрылыс» ЖШС. Бұл білім нысанының құрылысы шілде айында аяқталуы тиіс. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы барғанында облыс әкімі мектептің қасбеті түсінің қандай болатынын нақтылап беріп, сол сияқты таңдалған ішкі есіктерін, жарық шамдары мен еден плиткаларын көріп, мақұлдады.

Осы үш нысанның да салынып бітетін мерзімі шілде айы деп жоспарланып отыр. Білім күнінде бұл білім ошақтары өзінің алғашқы тәрбиеленушілерін қабылдамақ.

Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты.

Оценить материал
0