Наверх

Погода в Астане: 04 июня, ночь: +22° 5 м/с04 июня, утро: +27° 5 м/с04 июня, день: +34° 5 м/с04 июня, вечер: +28° 4 м/с

Атырау облыстық сотында сот актілерінің стилистикасы бойынша оқыту ұйымдастырылды

4316
Фото: SUD.GOV. KZ.

Облыстық соттың оқу орталығында өңір судьялары үшін стилистика және сөйлеу мәдениеті бойынша дәріс ұйымдастырылды.

Судьяларға филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жарқын Кенжебаева дәріс берді. Ол стилистика, сот актілерін мемлекеттік және орыс тілдерінде мазмұндау ерекшеліктерін түсіндірді.

Іс-шараны жүргізген судья Гүлнар Нұржігітова: «Сот актісі – сот билігі беделінің көрсеткіші, сондықтан онда тілдік және стилистикалық талаптар сақталуы тиіс. Сот актілерінің тілі жатық, терминдері түсінікті, сөйлемдері қысқа әрі нұсқа болуы қажет», - деді.

Жарқын Кенжебаева дәріс барысында ресми құжаттарды әзірлеу әдістемесіне кеңінен тоқтала келе, судьялардың сот шешімдерін жазу дағдыларын жетілдіру бағытындағы шетелдік озық тәжірибеден мысалдар келтірді.

Жиын соңында ұйымдастырушылар қазіргі уақытта облыста сот шешімдерін түсіндіру бойынша пилоттық жобаның жүзеге асырылып жатқанын, осыған байланысты судьяларды шешендік өнерге оқыту жоспарланып отырғанын атап өтті.

Дереккөз: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Оценить материал
0